×

Мемлекеттік қызметтердің 93%-ы онлайн түрде қолжетімді — Бағдат Мусин

Үкіметте цифрлық сервистерді жетілдірудің жолдары талқыланды

 Динара Амантай 28.06.2022 | 09:52
Фото: ernur.kz

Бизнес процестердің реинженерингі негізінде мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, атап айтқанда олардың жаңа тізімін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде қызмет түрлері 690-нан 1300-ге дейін асып кетті. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында айтты.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 93%-ы онлайн түрде қолжетімді. Бірақ кейбір мемлекеттік органдарға бұл жұмысты әлі де жетілдіру қажет.

Сондықтан мемлекеттік органдармен бірігіп, адами факторсыз құрылатын электронды қызметтердің санын арттыруға байланысты бірлескен жұмыстарды белсенді жүргізіп жатырмыз. Осы орайда мемлекеттік органдар өздерінің бизнес процестерін қайта қарап, толық ақпараттандырылған электронды қызметтер түрін 50%-ға дейін жеткізуі қажет, – деді Бағдат Мусин.

Сонымен бірге министр цифрлық сервистер азаматтардың арасында кең сұранысқа ие екендігін атап өтіп, цифрлық құжаттар осы жылдың 5 айы ішінде 6 миллионнан астам рет тексерілгендігін айтты. Осыған байланысты жылдың соңына дейін ең танымал 20 мемлекеттік қызметті сыртқы платформаларға шығару жоспарланған.

Бұған қоса Бағдат Мусин Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін видео арқылы жүзеге асыру бойынша қазіргі кезде 13 қызмет түрі көрсетілетінін жеткізді. Жылдың соңына дейін осы жоба арқылы 63 қызметке дейін өсіру көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама