×

«Әрқайсымыздың анамыз бар»: Қазақстандықтар зейнет жасын төмендетуге жаппай қолдау білдіруде

Қазірлі уақытта әйелдер үшін зейнет жасы 60-61 жас аралығында

 Халық үні 27.06.2022 | 19:32
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан президентінен әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін, қарауында ерекше балалары бар аналардың зейнет жасын 55-ке дейін төмендетуді сұраған онлайн петиция 822213 қол жинады. Оның ішінде петицияны қолдап берілген дауыс – 818 мың 790, қарсы дауыс – 3423.

Петиция авторы 45 жастан бастап әйелдер денсаулығында түрлі кінәрат табылатынын, әйелдер отбасына көңіл бөліп, бейнеттің зейнетін көргенін қалайтынын айтады.

«Ұмытпаңыз, әрқайсымыздың анамыз бар» деген автор петицияны мүмкін болған барлық әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы таратуды өтінген.

Бұған дейін Үкімет азаматтардың кей категорияларының зейнет жасын төмендетуді қарастыратыны, мәселе жыл соңына дейін белгілі болатыны хабарланған. Қазірлі уақытта әйелдер үшін зейнет жасы 60-61 жас аралығында.

Дауыс беру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз: 

https://alash.online/942-pensiya.html

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Аталарының атына көше сұрайды»: Астанада көше атауына кімдердің есімі беріліп жатыр

Басқарма басшысы көше атауына лобби жасайтындар бар екенін айтты
31.03.2023 | 16:40

Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолдары ұсынылды

Қаланың бас полицейі тұрғындар алдында есеп берді
31.03.2023 | 16:35

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
31.03.2023 | 16:25

Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

Еңбек инспекторлары 241 кәсіпорынның қарызын анықтаған
31.03.2023 | 16:06