«Әрқайсымыздың анамыз бар»: Қазақстандықтар зейнет жасын төмендетуге жаппай қолдау білдіруде
Қазірлі уақытта әйелдер үшін зейнет жасы 60-61 жас аралығында
Қазақстан президентінен әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін, қарауында ерекше балалары бар аналардың зейнет жасын 55-ке дейін төмендетуді сұраған онлайн петиция 822213 қол жинады. Оның ішінде петицияны қолдап берілген дауыс – 818 мың 790, қарсы дауыс – 3423.
Петиция авторы 45 жастан бастап әйелдер денсаулығында түрлі кінәрат табылатынын, әйелдер отбасына көңіл бөліп, бейнеттің зейнетін көргенін қалайтынын айтады.
«Ұмытпаңыз, әрқайсымыздың анамыз бар» деген автор петицияны мүмкін болған барлық әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы таратуды өтінген.
Бұған дейін Үкімет азаматтардың кей категорияларының зейнет жасын төмендетуді қарастыратыны, мәселе жыл соңына дейін белгілі болатыны хабарланған. Қазірлі уақытта әйелдер үшін зейнет жасы 60-61 жас аралығында.
Дауыс беру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз: