«Үлкен жетілік» жаңа Жібек жолының құрылуына кедергі жасамақ

Динара Амантай

Бұл үшін G7 елдері 600 млрд доллар бөлетін болды

Фото: Halyq Uni

G7 елдері Си Цзиньпиннің жобасына қарсы тұру үшін 600 миллиард доллар бөледі. Forbes.ru басылымының мәліметінше, Батыс елдерінің басшылары қытайлық «Жібек жолы» дамушы елдерді қарыз тұзағына түсіріп, тек Қытайға ғана пайда әкеледі деп есептейді.

Бұл барлығымыз үшін қайтарымды инвестиция. Бұл қаржы дамушы елдерге демократиямен әріптестіктің нақты артықшылықтарын көруге мүмкіндік береді, – деді Джо Байден.

«Үлкен жетіліктің» қабылдаған шешіміне сәйкес, жаһандық инфрақұрылым және инвестициялық серіктестік дамушы елдердегі инфрақұрылымдық кемшіліктерді жоюға, жеткізу тізбегін нығайтып, жаһандық экономиканы нығайтуға мүмкіндік береді. Құрама Штаттар жобаға 200 миллиард доллар инвестициялауға уәде берді. АҚШ президенті Джо Байден бөлінген ақшаны көмек немесе қайырымдылық ретінде қарастыруға болмайды деп сендіреді.

Айта кететін жайт, Қытай президенті Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» бастамасын 2013 жылы бастады. Бұл он жылдық, бірнеше триллион долларды құрайтын бағдарлама. Оның мақсаты – Жібек жолының заманауи нұсқасын жасау үшін 100-ден астам елде инфрақұрылымды дамыту.