×

Шерхан Мұртазаның немере інісі туған жеріне әкім болды

Еңбек жолын 2010 жылы агенттікте есепші болып бастаған

 Еркеғали Болатұлы 27.06.2022 | 17:07
фото: gurk.kz

Президент әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жуалы ауданының әкімі болып Мұртаза Жалғас Әлижанұлы тағайындалды.

Ол 1988 жылы сол Жуалы ауданының өзінде дүниеге келген.

2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінде есепші болып бастаған.

Әр жылдары Құрылыс және тұрғын үй-комммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылғы маусым айынан осы уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымында болды.

Айта кетсек, Жалғас Мұртаза – Шерхан Мұртазаның туған інісі Әлижанның баласы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Аталарының атына көше сұрайды»: Астанада көше атауына кімдердің есімі беріліп жатыр

Басқарма басшысы көше атауына лобби жасайтындар бар екенін айтты
31.03.2023 | 16:40

Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолдары ұсынылды

Қаланың бас полицейі тұрғындар алдында есеп берді
31.03.2023 | 16:35

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
31.03.2023 | 16:25