«Жалғыз өзің барлығын қалай өлтірдің?» деп сұрағанда, не деп жауап берерін білмей, абдырап тұрғаны көрінді
Арқанкерген шекара бекетіндегі қайғылы оқиғадан 10 жылдан астам уақыт өтті. Алайда марқұмдардың туыстары жаппай қырғынға қатысты шындықты білгілері келеді.
«Ақ Жайық» басылымының тілшілері көз жұмған жауынгерлер Данияр Балғабаев пен Жеңіс Сағынғалиевтің әкелерімен тілдесіп көріпті.
Өздері секілді сарбаз қаруластарын өлтірді дегенге кім сенеді? Міне, мен де сенбеймін және Челахтың еш кінәсі жоқ деп ойлаймын, – деді Данияр Балғабаевтың әкесі Ғарифолла Қапаров.
Сондай-ақ 68 жастағы Дәукен Сүндетов ұлы Жеңіс Сағынғалиев туралы сөз қозғады. Ол да Владислав Челахтың жалғыз өзі шекара бекетінде 14 шекарашы мен орманшыны өлтіріп, өртеп жібергеніне сенбейді.
2012 жылы Астанадағы сот отырысына қатыстым. Челахтан «Жалғыз өзің барлығын қалай өлтірдің?» деп сұрағанда, не деп жауап берерін білмей, абдырап тұрғаны көрінді. Күндердің күнінде шындық ашылады, ол күнге дейін тірі боламын ба, білмеймін. Егер Жеңіс жанымда болғанда, немерелерімді қарап, еркелетер едім. Оның зиратына жиі барамын, жиі түсіме кіреді, – дейді Дәукен Сүндетов.
Еске сала кетсек, 2012 жылы 4 маусымда Владислав Челах Арқанкерген шекара бекетінен 24 шақырым жерде орналасқан қыстақтан табылған еді. Алайда таяуда ғана ол аталған оқиға туралы шындықты алға тартып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған болатын.