919 мың адам салықты уақытында төлемеген
Бүгінде қазақстандықтардың мүлік, жер және көлік салықтары бойынша қарызы – 24,3 млрд теңге, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Оның ішінде берешектің негізгі сомасы көлік салығына тиесілі – 22,8 млрд теңге. Көлік салығынан жалтарғандардың ең көп саны төмендегі өңірлерде тіркелді:
Соңғы екі қалада көлік салығын төлемей жүрген 76 мың адам бар.
Айта кетейік, 2021 жылы жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі биыл 1 сәуірде аяқталған еді. 2022 жылғы 17 мамырдан бастап салық сомасын уақтылы төлемеген қазақстандықтарға 1 АЕК-тен (3 063 теңге) жоғары берешек сомалары бойынша қарызды өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі.
Берешек төленбеген жағдайда, яғни салық бұйрығы табыс етілген 5 жұмыс күнінен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі.