×

Алматыда екі қабатты дәмхана отқа оранды

Оқиға орнынан 50 литрлік 3 газ баллоны эвакуацияланды

 Динара Амантай 27.06.2022 | 10:01
Фото: Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі

Алматының Алатау ауданында дәмханадан өрт шықты. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданы, «Ақбұлақ» шағын ауданы «Бәйтереков 13» мекенжайы бойынша өрттің жоғары дәрежедегі шақыртуы бойынша жұмыс істеп жатыр. Онда екі қабатты «Терраса» кафесі отқа оранды, – делінген хабарламада.

Оқиға орнында жедел штабтың жұмысы орнатылып, жанып жатқан жерден 50 литрлік 3 газ баллоны эвакуацияланды.

Сонымен бірге өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама