×

Маңғыстау облысына 229 мұғалім жетіспейді

Әсіресе орыс тілін оқытатын маман тапшы

 Еркеғали Болатұлы 27.06.2022 | 09:53
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысына мұғалімдер тапшылығын азайту үшін мамандарды басқа өңірлерден шақырып жатыр деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Жергілікті білім басқармасының мәліметінше, алдымен облысқа келіп, жұмыс істеуге ниет білдіргендер іріктеліп алынады. Яғни арнайы комиссия құрылып, үздіктер таңдалады. Қазір конкурс жарияланған. Үміт еткен мұғалімдерден құжат қабылдау жүріп жатыр. Әзірге 13 өтініш келіп түскен.

Педагогтер де оқушылар сияқты тест тапсырып, эссе жазады. Соңғы шешім әңгімелесуден кейін қабылданады. Таңдаудан өткендер өңірде жайлы жүмыс істеу үшін үй-жаймен, жақсы айлықпен қамтылады. Ресми мәлімет бойынша, Маңғыстау облысына 229 мұғалім жетіспейді. Әсіресе орыс тілін оқытатын маман тапшы.

«Бұл конкурсқа еліміздің барлық өңіріндегі жоғары білімі бар педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, біліктілігі бар, педагогика мамандығы бойынша аяқтаған жоғары білім беру ұйымдарының түлектері қатыса алады», - дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұмашева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама