×

Павлодар ғалымдары қимақ-қыпшақ қорғандарын тапты

Қимақ-қыпшақ кезеңдеріне тиесілі тарихи ескерткіштер 9-10 ғасырларда пайда болған деген болжам бар

 Қанат Атаманов 27.06.2022 | 08:18
Фото: ашық дереккөздерден

Облыс ғалымдары Павлодар қаласына жақын жерден бірнеше қорған тапты. Биылғы археологиялық маусымда қорымдар қатар зерттеліп жатыр. Мамандардың пайымдауынша, қимақ-қыпшақ қорғандары көшпенділер мәдениеті туралы ауқымды мағлұмат береді. Қорымдардың орны бір ай бұрын табылған. Сол сәттен бері қазба жұмыстары жүріп жатыр.

Қимақ-қыпшақ дәуіріне жататын қорғандар екі шақырымға созылып жатыр. Қазба жұмыстары барысында олардың басым бөлігі тоналып кеткені анықталды. Десе де, ел тарихы үшін оның құндылығы маңызды. Мамандардың айтуынша, бұған дейін дәл осы жерде жібек матасының қиындысы табылған. Яғни, мұнда бай-дәулетті адамдар жерленуі мүмкін.

Қорымдар кешені Павлодар маңындағы Кенжекөл және Байдала ауылдарының маңында орналасқан. Қимақ-қыпшақ кезеңдеріне тиесілі тарихи ескерткіштер 9-10 ғасырларда пайда болған деген болжам бар.

Көшпелілердің сәулет өнері туралы мағлұмат тым аз. Бұл олқылықтың орны осындай қорғандарды зеттеу арқылы толады. Қимақ қалаларын ұзақ жылдар бойы зерттеп келеміз. Алайда тек некропльдер табылып жатыр. Бұл көшпенділер шаһары болуы мүмкін. Бұл қорғандарды кім тұрғызды? Біз осы сауалдың жауабын іздейміз, - дейді археолог Елена Тушева.

Ғалымдардың айтуынша, қорғандардың ішінде сәулеттік нысандар болуы мүмкін. Қазба жұмыстарының екінші кезеңінде топырақтың сазды бөлігі зерттеледі. Әзірге кірпіштердің қалдықтары табылды. Көне ескеркіштер тоналса да, тарих үшін өзектілігін жоғалтпайды. Бұл іске оқушылар мен тарихшылар атсалысуда.

«Үздік оқушылар осындай экспедицияларға қатысады. Тарихи орындарда болу жобамыздың негізгі тұсы. Балалар археологтармен қатар қазба жұмыстарына қатысады. Осылайша теория мен практиканы қатар дамытамыз», - дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Оксана Питюкова.

Қимақ кезеңіне жататын қорымдар алғаш рет өткен ғасырдың 50-жылдары ашылған. Бірақ зерттелмей қалған. Кешенді қазба жұмыстары соңғы жылдары қайта жанданды. Қорғандар республикалық трассаның бойында орналасқан. Оған қоса бұл аумақта жеке тұрғын үй құрылысы қызу жүріп жатыр. Сондықтан ғалымдар бірегей ескерткіштерді сақтап қалуды көздейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Елімізде жалға берілетін пәтердің бағасы арзандады

11 қалада 24 қараша мен 1 желтоқсан аралығындағы тарифтер азайған
02.12.2022 | 12:06

Тұзды көп тұтынатын қазақстандықтар ауруға шалдығып жатыр

Елімізде артериялдық гипертензия, жүрек-қан тамыры, қант диабатімен ауыратындар саны күрт өскен
02.12.2022 | 11:55

Ақбөкендердің күйлеу кезеңіне орай республикалық «Киік» акциясы басталды

Оларды заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
02.12.2022 | 11:40

Маман тапшы: 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы тағы өседі

Бүгінде мамандардың орташа жалақысы 250-420 мың теңге аралығында
02.12.2022 | 11:31