Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында жол апатынан бес адам мерт болды

Көлік апатына жолда жүру ережесін сақтамау себеп болған

 Қанат Атаманов 27.06.2022 | 05:30
Атырау облысында жол апатынан бес адам мерт болды
Фото: ашық дереккөздерден

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 26 маусым күні сағат 16:00 шамасында болған. Көлік апатына жолда жүру ережесін сақтамау себеп болған.

Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымы тұсында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Tucson​ көлігін​ің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама