Қапшағай су қоймасында төрт адам суға батып кетті
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар екі ұл мен ер адамның денесін судан алып шықты
Бүгін Қапшағай су қоймасында қайғылы оқиға орын алды. Қаза болғандардың арасында 12 және 15 жастағы ұлдар бар.
Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, су қоймасында шомылу барысында толқын көтеріліп, екі ағайынды бала бата бастаған. Сол кезде ағасы, тәтесі және апасы оларды құтқаруға ұмтылған. Өкінішке қарай, тек апасы ғана аман қалған.
Алматы облысы әкімінің қаулысына сәйкес, Қонаев қаласында құтқарушылар кезекшілігі ұйымдастырылған 7 қалалық жағажай бар, олар құтқару мұнараларымен және шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті құралдармен жабдықталған. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан арнайы жабдықталған орындарда ғана суға шомылуды, жүзе алмасаңыз суға белден жоғары түспеуді, балаларды су жанында қараусыз қалдырмауды, су жанында демалу кезінде спирттік ішімдіктерді ішпеуді және толқындар мен дауылды ауа райында суға шомылмауды сұрайды, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.