Юрий Шатунов 23 маусымда қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы әкімдігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде Интернационал мен Бөкетов көшелерінің арасында «Ласковый май» тобының бұрынғы әншісін еске алуға арналған шараның өтпейтінін жариялады.
«Іс-шара келісілмеген және рұқсат етілмеген. Сол себепті өткізілмейді», - деді ведомство өкілдері.
Еске салсақ, Юрий Шатунов 23 маусымда қайтыс болды. Ол небары 48 жаста еді. Музыкантты құтқармақ болған Мәскеу қаласындағы Домодедово ауруханасының дәрігерлері қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, оны аман алып қала алмайды. Бүгін Ресейде әншіні ақтақ сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр.