Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында тағы бір адам әйелін балаларының көзінше ұрып өлтірді

Төрт бала анасыз қалды

 Халық үні 26.06.2022 | 14:39
Түркістан облысында тағы бір адам әйелін балаларының көзінше ұрып өлтірді
Фото: ашық дереккөздерден

 Ең кішісі – бар болғаны бес айлық бала. Ал әйелдің жасы 30-да болған.

Отбасындағы трагедия туралы Гүлмира Абықай Facebook-тегі парақшасында жазды

Түркістан облысының Жетісай кентінде есірткі тұтынған ер адам төрт баласының көзінше әйелін өлгенінше сабап тастады.  Шартты түрде сотталған күйеуі, жұрттың айтуынша, бұл жолы нашаға еліріп ес жоғалтқан. Марқұмның сынбаған сүйегі, езілмеген органы жоқ, — деп жазады Абықай.

Әйел ауруханада бір апта комада жатып, есін жимаған күйі көз жұмған.

Полиция марқұмның өліміне байланысты тергеу амалдарын бастады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама