Германияда G7 саммитінің алдында наразылық шаралары өтіп жатыр

Халық үні

Мюнхенде мыңдаған ереуілші қазба байлық өндірісінен бас тартты

Фото: ашық дереккөздерден

 

«Хабар 24» таратқан ақпаратқа сай, ереуілге шыққандар табиғатты сақтауды, әлеуметтік теңдік орнатуды және әлемде аштыққа қарсы тиімді күрес жүргізуді талап етті. Полицияның мәлімдеуінше, шеруге 15 қоғамдық ұйым мен 20 мың адам қатысып жатыр. Ереуіл кезінде полициямен қақтығыс та болған, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ.

Лиза Манц, ереуілші:

 Біз 2015 жылы осы Мюнхен мен Гармиш-Партен-кирхенде G7 саммитінің қарсаңында ереуілдеткенбіз. Гамбургта G20 шерулеріне қатыстық. Бірақ содан бері ештеңе өзгерген жоқ. Климат дағдарысы әлемге үлкен қауіп төндіріп тұр. Біз өзімізге өзіміз қиянат жасап жатырмыз. Бұны тоқтатуымыз керек.

Нико Вагнер, ереуілші:

G7 елдеріне қарасаң, олар тек материалдық пайданы ғана ойлайды. Ал біздің денсаулығымыз бен қауіпсіздігімізге, климит өзгерісіне мүлде бас қатырмайды. Ірі кәсіпорындарды жекеменшік басқарудан мемлекет қарауын өткізу керек. Тек сонда ғана экология мәселелеріне көңіл бөліне бастайды.

Бұл шеру Эльмау қамалынан 100 шақырым жерде өтіп жатыр. Бүгін онда «үлкен жетілік» елдерінің саммиті басталады. Сарапшылар әлемнің экономика ең дамыған 7 елдің басшылары 3 күн бойы қауіпсіздік, энергетика, климат өзгерісі сияқты дәстүрлі мәселелерді ғана емес, сондай-ақ Украинадағы жағдай мен азық-түлік дағдарысын да талқылайды деп топшылайды.