Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

 Халық үні 26.06.2022 | 12:25
Ақмола облысында жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті
Фото: Ақмола облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі

Ақмола облысында қатты жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырды. Сонымен бірге бірқатар елді-мекен жарықсыз қалды.

25 маусымда Біржан сал және Бұланды аудандары аумағында 30 м/с жылдамдықпен соққан қатты желден 3 мектеп пен 38 жеке тұрғын үйдің шатыры ұшты. Көптеген ғимарат бүлінген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Сондай-ақ дауылдың салдарынан электр бағаналары құлап, бірқатар елді мекен жарықсыз қалған. Апаттан келген шығын көлемін жергілікті атқарушы органдар анықтап жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама