ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дархан Ділманов екі айға қамалды

Халық үні

22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшыларын ұстаған болатын.

Фото: ашық дереккөздерден

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары, Қазақстан шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов екі айға қамауға алынды,  деп хабарлайды  Алматы сотының баспасөз қызметі.

Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 24 маусымдағы қаулысына сәйкес, күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды, - деп жазылған соттың баспасөз қызметі хабарламасында. 

Бұған дейін 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшыларын ұстаған болатын.  

2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану дерегі бойынша жүргізіп жатқан соталды тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов,  Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр Жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.