×

Павлодарда 14 жастағы бала суға батып кетті

Ер бала шомылуға болмайтын жерде суға түскен

 Халық үні 25.06.2022 | 11:47
Фото: ашық дереккөздерден

Павлодарда жасөспірім Ертіс өзенінде суға батып өлді, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сағат 17.57-де 112 нөміріне Ертіс өзенінде ескі теміржол көпірі маңында шомылып жүрген 14 жастағы бала суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Қайғылы оқиға шомылуға тыйым салған жерде болған, - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жасөспірімді судан алып шыққан, бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама