Қазіргі уақытта су толығымен сорылды
Спорт кешені өкілдерінің айтуынша, нысанның үш бөлмесі жаңбыр суының астында қалды.
Қатты жауған жауын-шашынның салдарынан кешеннің жаңбыр суын бұру жүйесі жауын-шашынға төтеп бере алмады. Қазіргі уақытта су толығымен сорылды. Бөлмелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - деді Almaty Arena кешенінің өкілдері.
Еске салсақ, 24 маусымда сағат 14.30 шамасында қалада қатты жаңбыр жауа бастаған болатын. Ол шамамен жарты сағатқа созылды. Алайда, салдарынан бірқатар автокөліктер мен ғимараттар зақымданды.