×

Almaty Arena мұз сарайы нөсер жауыннан зардап шекті (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта су толығымен сорылды

 Қанат Атаманов 25.06.2022 | 00:00
Фото: видеодан скриншот

Спорт кешені өкілдерінің айтуынша, нысанның үш бөлмесі жаңбыр суының астында қалды.

Қатты жауған жауын-шашынның салдарынан кешеннің жаңбыр суын бұру жүйесі жауын-шашынға төтеп бере алмады. Қазіргі уақытта су толығымен сорылды. Бөлмелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - деді Almaty Arena кешенінің өкілдері.

Еске салсақ, 24 маусымда сағат 14.30 шамасында қалада қатты жаңбыр жауа бастаған болатын. Ол шамамен жарты сағатқа созылды. Алайда, салдарынан бірқатар автокөліктер мен ғимараттар зақымданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама