×

«Айлық табысы 650 мың теңге»: Алматы облысында жазасын өтеп жатқандардың жалақысы белгілі болды

Ал 20 шақты әйелдің ең аз деген жалақысы – 150 мың теңге

 Қанат Атаманов 24.06.2022 | 22:00
Фото: inform.kz

Бүгінгі таңда Алматы облысында жазасын өтеп жатқан 3,5 мыңға жуық азамат бар. Олардың 550-і бір ғана «Еңбек-Жауғашты» филиалының қарамағындағы 32 кәсіпорында еңбек етіп, нәпақасын табады.

Түзеу мекемесіндегі жазасын өтеп жатқандарды жұмыспен қамтып жатқан өзге де кәсіпорындар баршылық. Тігін цехынан бастап, шетелге экспортталатын құрылғыларды жасап шығарумен айналысып келе жатқан сотталғандарға ай сайын «Еңбек-Жауғашты» бөлімшесі 22 миллион теңге жалақы төлейді. Ең көп айлықты Жауғашты кентіндегі ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер алып отыр.

Бірлесіп жұмыс істейтін бизнес өкілдеріне ғимаратты жалға беру тегін. Бірақ ешкім салықтық міндеттемелерден босатылмайды. Ең төменгі жалақы – 32 мың 500 теңге. Бұл – жартыкүндік жұмысқа орналасқандардың еңбекақысы. Жұмысшыларға айына 20-22 миллион теңге айлық төлейміз. Жұмысқа жарамды бола тұра, еңбек еткісі келмейтіндер де бар. Біз оларды мәжбүрлей алмаймыз, - деді «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы филиалдың директоры Әділет Баймадиев.

Бұл мекемеде жұмыс істеп жатқан сотталушылардың ішінде 650 мың теңге айлық алған кісілер бар. Ал 20 шақты әйелдің ең аз деген жалақысы – 150 мың теңге. Ол кісілердің 5-10 жылдан бері қолдары тігінге әбден икемденіп қалған. Сондықтан тапсырысты барынша көп орындауға тырысады. Ал ЛА 155/8 мекемесінде донер аппараттарын жасап, Мәскеуге дейін жібереді. Мұнда тігін цехы, металл, ағаш өңдейтін кәсіпорындар да бар. Бас-аяғы 32 өндіріс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама