Halyq Uni логотип
×

«Бұл дегеніміз елді балабақша тәрбиешісі басқарғандай»: Байденның басы тағы да дауға қалды

Ақ үйде Жел энергетикасы компаниялары өкілдерінің қатысуымен кездесу өткен

 Қанат Атаманов 24.06.2022 | 20:00
«Бұл дегеніміз елді балабақша тәрбиешісі басқарғандай»: Байденның басы тағы да дауға қалды
Фото: ашық дереккөздерден

Жыл басынан бері оғаш қылықтарымен бірнеше рет қоғамның қызу талқысына түскен АҚШ президенті Джо Байден тағы да әлем жұртшылығын өзіне аударды.

Ақ үйде Жел энергетикасы компаниялары өкілдерінің қатысуымен кездесу өткен. Жиын кезінде тілшілер 79 жастағы Америка президенті қолындағы қағаздың артқы жағында оның қарапайым іс-әрекеттері туралы қажетті нұсқаулар жазылғанын байқаған. Қазіргі уақытта бұл жағдайды барлық американдық БАҚ-та қызу талқылануда.

New York Post газетінің жазуынша, бұл қағазда: «Сіз Рузвельттің бөлмесіне кіріп, қатысушылармен амандасасыз», «Сіз өз орныңызға отырасыз», «Баспасөз өкілдері кіреді», «Сіз қысқаша түсініктеме бересіз (2 минут)», «Сіз Лиз Шулерге сұрақ қоясыз», «Сіз қатысушыларға алғыс айтасыз», «Сіз кетесіз» деген жазулар бар.

Қазір сіздерге бүгінгі кездесуде Байденнің қолындағы парақшаның суретін ірі планмен көрсетеміз. Ақ үйде өткен кездесу кезінде Байденге қарапайым нұсқаулар жазылған қағаз берілген. Бұл АҚШ президенті ме? Дональд Трамптан осындай қағаз табылды деп көз алдыңызға елестетіп көріңіздерші? Жұртшылық бірден оған импичмент жариялау бастамасын көререр еді. Бұл дегеніміз елді балабақша тәрбиешісі басқарғандай!, - дейді Newsmax телеарнасының жүргізушісі.

Біз бұған дейін Джо Байденнің тегіс жерде велосипедтен құлап қалғаны туралы жазған болатынбыз.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама