Halyq Uni логотип
×

«Демографияны көтеріп отырмыз». Шымкенттегі Назарбаев мектебінде дау шықты

Баласы грантқа ілікпей қалған ата-аналар НЗМ алдына жиналды

«Демографияны көтеріп отырмыз». Шымкенттегі Назарбаев мектебінде дау шықты
фото: Halyq Uni

Шымкентте балалары Назарбаев мектебіне грантқа түсе алмай қалған ата-аналар комиссияның әділетсіз шешім шығарғанын айтады. Үшінші мегаполиске жолдама басқа аймақтардан әлдеқайда аз бөлінген. Шымкентте 1200 балл жинаған 7-сынып оқушылары грант ала алмаса, Көкшетау, Қостанайда 800 балл жинағандар НЗМ-де оқуға жолдама алды.

«Біздің мегаполисте миллион тұрғын бар. Біз бір республиканың демографиясын көтереміз деп айтсам, өтірік емес. Неге Көкшетау қаласында 73-76 бала 833 баллмен түсіп отыр? Біздің балаларымыз 1000-нан асырса да түсе алмай қалды? Біздің қалада КТЛ мен НЗМ ғана бар. Біздің бар көрген-баққанымыз осы екі мектеп», - дейді баласы грантқа іліге алмай қалған оқушысының анасы Гүлзат Рамбердиева.

Ата-аналардың айтуынша, қазақ сыныптарында грант азайып кеткен. Жалпы, былтыр мектепке 140 грант бөлінсе, биыл оның саны 100-ге азайған.

Біздің балаларымызға бөлінетін грант санын қатты азайтып жіберген. Жылда 140 грант беретін. Биыл ол қазақ сыныптарына 75-ке бір-ақ азайған. ХБН-ге 96 грант берілсе, тағы да 75. Бізде қазір 113 баламыз далада қалып отыр, - дейді шымкенттік ата-ана Нұргүл Мырзалиева.

Ал мектеп директоры гранттың аз бөлінуін мектептегі оқушылардың көптігімен байланыстырды.

«НЗМ-дегі 7-сыныпқа түсу үшін үміткерлерге республикалық бюджеттен 2728 грант тағайындалған. Ол республикалық комиссия шешімімен бекітілген. Грантты мектеп арасында бөлуге бірнеше факторлар ескерілген. Бірінші фактор ол мектептің жобалық сыйымдылығы. Назарбаев мектебінің сыйымдылығы 720 оқушыға арналған. Біз оны толық қамтамасыз етіп отырмыз», - дейді Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Қайырбек Бүксікбаев.

Ведомства өкілдері болса, бар жұмысымыз грантты бөліп беру. Ал, оны үлестіру мектептің өз құзырында деп отыр. Нақты жауап таба алмаған ата-аналар президент, министрлікке де хат жазған. Тараптар жауабы 7-шілдеде келеді деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама