×

Талдықорған қаласының әкімі журналистер үшін оқ атты (ВИДЕО)

Желі қолданушылар әкімге маңыздырақ мәселелермен айналысу керек екенін айтқан

 Еркеғали Болатұлы 24.06.2022 | 15:57
фото: видеодан скриншот

Кеше әлеуметтік желіде Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың аспанға мылтық атқан видеосы тарады.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, әкім осылайша БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтауды жөн көрген. Әкім журналистер мен блогерлерді демалуға шақырып, нысана атудан жарыс ұйымдастырған.

Кейбір желі қолданушылар Масабаевтың бастамасын қолдаса, енді бірі әкімге маңыздырақ мәселелермен айналысу керек екенін айтқан.

«Қала әкімі Әсет Масабаев БАҚ қызметкерлері арасында оқ атудан турнир өткізді. Бұл жерде сынайтындай ештеңе жоқ, БАҚ өкілдерінің демалысы. Әкім сонда барып, жергілікті журналистер мен блогерлерді құттықтады. Атыс арнайы аймақта өтті. Осындай іс-шаралар БАҚ-тың рухын, командалық күшін көтеру үшін қажет деп ойлаймын», - деп түсіндірді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама