×

Алматыда 15 жастағы жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылды

Өлтірді деген күдікпен оның 16 жастағы досы ұсталды

 Динара Амантай 24.06.2022 | 14:57
Фото: ашық дереккөз

Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім бау-бақша қоғамдарының бірінің аумағынан өлі табылды. Бұл туралы Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Оның жоғалғаны туралы хабарлама полицияға 23 маусымда келіп түскен.

Түстен кейін бау-бақша қоғамдарының бірінің аумағында зорлықпен өлтірілу белгілері бар жоғалған адамның мәйіті табылды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 16 жастағы жасөспірім ұсталды. Айтуынша, ол арадағы жанжалдан кейін досын өлтірген, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама жұмыстары тағайындалды.

Айта кететін жайт, баланы іздестіруге көмектескен Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі бастамашыл тобының басшысы Ислам Угушев өзінің Facebook-тегі парақшасында оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, күдікті досының үйінен ақша ұрлаған. Ол әрекеті әшкере болып қалғаннан кейін оны кездесуге шақырып, артынша өлтірген.

Белсендінің айтуы бойынша, марқұмның досы аса қатыгездікпен оның басын жарақаттап, кейін аяқкиімінің бауымен буындырған. Артынша жоғалған баланың ата-анасына жәрдемдесіп, олармен бірге іздестіру жұмыстарына қатысқан. Белгілі болғандай, досын өлтіргенен кейін оның банк картасын алып, дүкеннен бірнеше заттар сатып алады. Жоғалған жасөспірімнің әкесінің телефонына сатып алу туралы хабарлама түскеннен кейін ғана ол өз кінәсін мойындаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама