×

«Кетші, шешең...»: Қалдыбек Құрманәлі журналистің сұрағына шамданып қалды (ВИДЕО)

Журналист оның сұрақтан қаша алмайтынын айтып, сабырға шақырды

 Еркеғали Болатұлы 24.06.2022 | 11:52
фото: ашық дереккөз

Композитор Қалдыбек Құрманәлі сұхбат кезінде журналист Аман Тасығанның қойған сұрағына ашуланып, оны боқтап жіберді. Орнынан тұрып, кетіп қалуға оқталған оны журналист әрең дегенде алып қалды.

Бұл ретте Аман тасыған әнші Сәкен Майғазиев пен журналист Аружан Дүйсебайдың айтыс-тартысын алға тартқан еді. Өйткені Аружан Дүйсебай Сәкен Майғазиевті Шымкент қалалық мәдениет үйінен ақша жымқырды деп айыптаған кезде Қалдыбек Құрманәлі Facebook-тегі парақшасында әншіні қолдап пост жазған болатын.

«Мен осы жерде аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, дәлелсіз, дәйексіз көкбеттікке салынып жатқан әлгі қызды аядым. Аядым да мүсіркедім. Неткен жиіркенішті?! Ертең ол да бір үйдің келіні болады-ау? Мүмкін мына мінезімен болары болып, бояуы сіңіп, қайтып келіп қойған да шығар-ау? Егер күйеуге шықпаған жан болса, онда болашақта бір момын жігіттің сорын қайнатқалы тұрғанына дауым жоқ», - деген еді сонда композитор.

Осы орайда Аман Тасығанның сұрағы да орынсыз емес еді. Ол Қалдыбек Құрманәліден тек «Өзіңіз білмейтін, танымайтын қыздың арына тиген жоқсыз ба?» деп сұрады.

Тыңда, айналайын! Сен сол қыздың ағасысың ба, әлде соны қолдап отырсың ба? Тыңдап алсайшы сен! Неге сен Сәкеннің жағына шықпайсың? Сәкеннің ақша ұрлағанын көрдің ба? Сен өзің қазір бір жаққа бұрып отырсың. Ол қыздың ары деп айтпа! Өзің де жезөкшелікке бұрып отырсың. Менің миымды қатырмашы. Кетші, шешең..., - деген композитор орнынан атып тұрды.

Алайда журналист оның сұрақтан қаша алмайтынын айтып, сабырға шақырды. Ақырында Қалдыбек Құрманәлінің болған жайтқа қатысты пікір білдіруіне тура келді.

Ол бір тұлғаны жерге таптап отыр. Жасамаған қылмысын жасағандай қылды. Адамның ақша жегенін журналист айтпайды ғой. Ол тергеуші емес.

Оның үстіне маған «Қалдыбек Сәкенді жақтап отырғанына қарағанда, кезінде өзі де Түркістан сарайын басқарған. Өзінің де былығын ашпау үшін осы істің жабылуына күш салып жатқанын анық байқауға болады» деген. Журналистік зерттеу істесін. Ал ол отырып алып, YouTube канал ашып, телефонын қойып, видео түсіреді. Айтпа демеймін, айтсын. Бірақ дәлелмен айтсын», - деп күйінді композитор.

Сондай-ақ ол Сәкен Майғазиевті қылмыскер болса, қорғамаймын, қамалсын деп отыр. Алайда «сүттен ақ, судан таза» әншінің орнында өзі болса, журналист қызды «жағын сындырып, Мамайымен қосып, Қапшағайға ағызып жіберетінін» ескертіп қойды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Қазпоштаға» жаңа басшы тағайындалды

Ол шетелде жауапты қызметтер атқарған
03.10.2022 | 10:46

Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды
03.10.2022 | 10:40

ШҚО мен Ұлытау облысы - білім алмаған немесе тұрақты жұмысы жоқ жастар саны бойынша көш бастап тұр

Елімізде білімі бар 15 пен 28 жас аралығындағы жастар саны - 3,24 млн адам
03.10.2022 | 10:31