×

Павлодарда ер адамдар балаларын құтқарып, өздері суға батып кетті

Олар жарты сағаттан астам уақыттан кейін табылған

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2022 | 10:49
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментіне «112»  пультіне Баянауыл ауданы Торайғыр ауылының маңындағы Торайғыр көлінде ер адамдардың суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. 

2008 жылы туған қыз бен 9 жастағы ұлды құтқару кезінде Қарағанды облысында тұратын 1978 жылғы және 1986 жылғы ер адамдар суға батып кетті. Балаларды жедел медициналық жәрдем  Баянауыл ауылының аудандық ауруханасына жеткізді. Балалардың жағдайы қалыпша, есінен танып қалмаған, - делінген хабарламада.

Екібастұз қаласының құтқарушы-сүңгуірлері сағат 19.00-де іздеуге шығып, сағат 19.39-да екі ер адамның денесін шығарып алған. 

Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД 4 құтқарушы, 1 техника және 1 жүзу құралы, «102», «103» қызметтері жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Талдықорғанда иттердің төбелесін ұйымдастырған ер адам жазаланды

22 жастағы қала тұрғыны төбелес видеосын әлеуметтік желіге жүктеген
24.09.2022 | 18:03

Петропавлда ормандағы ағашты отағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Кәсіпкер ағаштарды заңсыз отап тастаған
24.09.2022 | 17:36

«Алматы марафон»: қай көшелер жабылады?

Қалада 7:00-ден 13:30-ға дейін көлік қозғалысы жартылай шектеледі
24.09.2022 | 16:44