×

Ақтөбелік теміржолшылар жарты жылдан бері жалақыларын ала алмай жүр

Бұл мәселеден аудан әкімдерінен бастап, құзырлы органдардың бәрі хабардар

 Еркеғали Болатұлы 24.06.2022 | 10:08
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында теміржол жұмысшылары жарты жылдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Жекеменшік депо өз қызметкерлеріне қазірдің өзінде 15 миллион теңге қарыз.

Компанияның тапсырыссыз отырған бір күні жоқ, бірақ айлыққа келгенде тарығып қалады дейді жұмысшылар. Бұл мәселеден аудан әкімдерінен бастап, құзырлы органдардың бәрі хабардар. Былтыр да осы компанияның басшысынан жалақыны мәжбүрлеп алып берген. Енді қарамағындағылардың еңбекақысын тағы да уақытылы бермей, зарықтырып қойғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылатын болды.

«Берешек жалақылары бойынша қазір қылмыстық іс қозғалған. Енді біздің тексеріс қортындысы бойынша ұйғарым беріліп, айыппұл салынуы мүмкін. Сосын орындамаған жағдайда мәжбүрлеп өндіру үшін материалды сот орындаушыларға береміз», - дейді облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Есқарин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама