Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы қатты жұлқылап, басынан ұрған (ВИДЕО)

Халық үні

30 жастағы маман кінәсін мойындап, ата-анасынан кешірім сұрапты

фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде баланы жұлқылап, басынан ұрған тәрбиешінің әрекеті қызу талқыланып жатыр. Бұл жағдай Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. 

Тәрбиешінің  балаға жұдырық жұмсағаны бейнебақылау камерасына жазылған. Бүлдіршінді білектің күшімен сабасына түсіргісі келген-тәрбиешінің көмекшісі. Ол әуелі баланы қатты жұлқып, кейін басынан ұрады. 30 жастағы маман кінәсін мойындап, ата-анасынан кешірім сұрапты. Дегенмен мектепке дейінгі мекеме басшысы әйелді жұмыстан шығарғанын айтады.   

«Полициямен жұмыс жасалды. Кейін біз көмекшіні тәрбиешінің статья бойынша жұмыстан шығардық. Енді админстративное расследование жүріп жатыр жұмыс бабымен. Ол енді жұмысқа қатыспайды. Сол күні сразу біз ертеңгісін жұмысқа келдірмейтіндей іс-әрекеттер жасадық», – дейді балабақша меңгерушісінің міндетін атөарушы Эльмира Исабекова.