×

Алматыдағы бүлік кезінде талқандалған көліктер көрсетілді (видео)

Тәртіп сақшылары көліктердің қалай қиратылғанын және қазіргі жағдайын видео арқылы көрсетті

 Халық үні 18.01.2022 | 16:00

Полиция департаментінің мәліметінше, жаппай тәртіпсіздік салдарынан 165 қызметтік көлік зақымданды, оның 53-і өртенді. Зардап шеккен көліктердің жалпы санының 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес.

Сонымен қатар Алматы қаласы ПД жаппай бүлік пен қарулы шабуылдар салдарынан келген залалдың алдын ала қорытындысын жариялады:

  • 5 фронт-офис өртенді;
  • Алмалы аудандық ПБ мен полиция департаментінің ғимараттары зақымданды;
  • 19 модульдік және 13 экологиялық бекет зардап шекті әрі өртенді.

2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты. Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Президент «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама