Алматыда жалпыға қолжетімді жастар орталығы салынады
Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың көктемінде басталады
Алматыда бұрынғы трамвай депосының орнында жалпыға қолжетімді жастар орталығы пайда болады. Бұл туралы қала әкімі Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары 2023 жылдың көктемінде басталады
Қазір қажетті құжаттарды дайындап жатырмыз. Келесі жылдан бастап біз сол жерде «Депо» деп аталатын шығармашылық орталық саламыз. Жастардан өтініш өте көп. Олар үлкен бір орталықтың болғанын қалайды, – деді Ерболат Досаев.
Әкімнің айтуынша, креативті индустрия орталықтары қаланың бірнеше жерінде орналасады.
«Біз өзіміздің таланттарымызды тауып, дамыту үшін креативті индустрия орталықтарын қаланың көптеген жерлерінен ашамыз. Келесі жылдың көктемінен бастап «Депо» жобасы қолға алынады», — деп түйіндеді Ерболат Досаев.