×

7 жылға сотталған жаттықтырушының туыстары сот шешіміне келіспей отыр

Оның отбасы апелляциялық сотқа арызданып, үкімнің күшін жоюды талап етпек

 Халық үні 23.06.2022 | 20:21
Фото: exk.kz

Байсерке ауылындағы полиция бөлімшесінің жанына жиырма шақты адам жиналды. Олар бір күн бұрын соттың таэквондо бапкеріне шығарған үкіммен келіспей отыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Полиция ғимаратының жанына сотталған Диас Шалғымбаевтың қарамағында жаттыққан балалар мен олардың аналары жиналды. Олардың барлығы 14 жастағы қызды зорлады деген айыппен 7 жылға сотталған 33 жастағы ер адамды қолдауға келген.  Экспресс К порталының мәліметінше, сотталушының жақтастары жаттықтырушы ешқандай да зорлық-зомбылық жасамаған, сот үкімі әділетсіз жасалған деп есептейді.

Менің қызым Диаспен алты жасынан бастап жаттығады, қазір ол 16-да. Ол ешқашан жаттықтырушының жөнсіз әрекетіне, әсіресе оның біреуді қорлағаны туралы айтып шағымданып көрмеген. Ол өте сыпайы, әдепті, балаларымызға жақсы тәрбие берді. Соның арқасында балаларымыз Қазақстанда да, халықаралық турнирлерде де жеңіске жетіп жүр, – дейді ата-аналардың бірі.

Оның сөзін Шалғымбаев секциясының 22 жастағы тәрбиеленушісі де қостап отыр. Оның айтуынша, ол онда 12 жыл бойы оқып келеді, бірақ жаттықтырушының әрекеттерінен әдепсіз ештеңе байқамағанын айтады.

«Талай жарыстарға бірге бардық. Ол бізге екінші әкеміздей болып кетті. Ал арыз жазған қыздар мұнда алты ай ғана оқыды, олар келгеннен кейін осындай шағымдар айтыла бастады, – дейді спортшы.

Жиналғандардың басты дәлелі –  сайттың редакциясына тапсырған медициналық сараптама қорытындысы хаттамасының көшірмесі. Сараптама 2021 жылдың наурыз айының соңында, яғни полицияға Шалғымбаевты 14 жасар қызды зорлады деген айыппен арыз түскен кезде жүргізілген.

Сараптама актісі бойынша қыздық перденің жыртылуы анықталмаған. Қыздың жыныс мүшелерінде еш жарақат іздері байқалмаған. Зорлық көрсету арқылы жыныстық қатынасқа түсудің дәлелі де табылмады. Яғни, бұл құжат бойынша қыз сараптама кезінде пәк болған.

«Бір жарым жыл бойы бәрі үнсіз отырды, егер нақты дәлелдері болса, Диасты бірден түрмеге қамайтын еді ғой. Олар қолайлы сәтті күткендей, оны үйінен бірден сот залына күштеп апарып, үкім шығара салды», - дейді бапкер тәрбиелеген балалардың ата-аналары.

Жаттықтырушының әйелі Әсел Шалғымбаеваның айтуынша, сот сараптама нәтижелерімен танысқан, бірақ бәрібір айыптау үкімін шығарған. Әйелдің айтуынша, бұған жәбірленуші қыздың телефонының орналасқан жерін егжей-тегжейлі көрсету себеп болған.

"Жәбірленуші қыз бірнеше рет айғақтарын өзгертті. Басында бір уақытты, кейіннен басқа уақытты атады. Артынша бапкері қалған балаларды үйіне жіберген соң, жаттығудың аяқталуына жарты сағат қалғанда кешкі уақытта зорлады деп айтқан. Жалғыз ғана ұялы телефонның  орналасқан жеріне қарап олар үкім шығарды. Ешқандай айғақ жоқ, сараптамалар бойынша бәрі анық көрініп тұр, - деді Шалғымбаева.

Судья Жанар Бейімбетованың жәбірленушінің қыздық пердесі бұзылмастан сақталуына қатысты айтқан уәждері ата-аналардың наразылығын тудырып отыр.

«Соттың айтуынша, қыз спортпен айналысатындықтан оның қыздық пердесі қайтадан өздігінен өсіп кетеді. Алайда бұл мүмкін емес қой. Әлде ол судья емес, гинеколог пе? – дейді жаттықтырушының әйелі.

Сотталушының отбасы апелляциялық сотқа арызданып, үкімнің күшін жоюды талап етпек. Тағы бір айта кетерлігі, жоғарыда аталған жәбірленушіден басқа тағы екі қыз жаттықтырушының үстінен қорлау туралы арыз жазған, бірақ бұл істер қылмыс құрамының жоқтығынан жабылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін 14 жастағы шәкіртін зорлаған жаттықтырушы 7,5 жылға сотталып кетткенін жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама