×

Көкшетауда 31 жастағы астаналық жаспөспірімді ұрған

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 23.06.2022 | 17:30
Фото: kakprosto.ru

Көкшетауда 14 жастағы балаға қол көтерді деген күдікпен елордалық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

21 маусымда қалалық полиция басқармасына бұзақылық дерегі туралы жергілікті тұрғыннан шағым түскен. Ол телефон арқылы хабарласқан. Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл жеткен.

Полиция қызметкерлері 1991 жылы туған Нұр-Сұлтан тұрғыны 14 жастағы жасөспірімді ұрғанын, ол дене жарақатын алғанын анықтады. 31 жастағы ер адам мас болған. Жасөспірім далада құрдастарымен бірге тұрған. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады, - деп жазылған хабарламада.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама