Halyq Uni логотип
×

Мәскеуде жұмбақ жағдайда көз жұмған Томирис Байсафа ісіне қатысты сот тергеуі аяқталды

Енді жарыссөз бен сот үкімі қалды

 Айнұр Шошаева 23.06.2022 | 15:55
Мәскеуде жұмбақ жағдайда көз жұмған Томирис Байсафа ісіне қатысты сот тергеуі аяқталды
Томирис Байсафа, фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna_/

Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Бұл туралы марқұмның анасы Жанна Ахметова хабарлады.

Анасының хабарлауынша, Томирис Байсафа ісіне қатысты сот тергеуі аяқталып, енді жарыссөздер мен үкім шығару қалған.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың сәуір айында қазақстандық студент қыз Томирис Байсафаның Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кеткені хабарланды. Кейін ол 3 мамырда ауруханада көз жұмды.  

Марқұмның анасы Жанна Ахметова тергеушілердің нұсқасымен келіспей, бірнеше жылдан бері тергеудің әділ жүргізілуін талап етіп келеді.

Кейін Томирис Байсафаның ісі бойынша ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров РФ омбудсмені Татьяна Москальковадан көмек сұрады.  

2020 жылы Томирис Байсафаның өліміне қатысты Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы Мухтар Меджидовтың ұлы Муртузали Меджидов қамауға алынды. Муртазали Меджидовке қатысты қылмыстық іс Мәскеудің Никулин аудандық сотында қаралады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама