Батыс Қазақстан облысында жоғалған бала табылмай жатыр
Немересінің соңынан шыққан атасы да із-түссіз кеткен еді
Батыс Қазақстан облысында Шалқар көлінде жоғалған 8 жастағы бала әлі іздестіріліп жатыр.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кеше үрмелі матраспен жүзіп жүрген баланы қатты жел көлдің ортасына алып кеткен.
«Сол кезде немересінің соңынан іздеуге атасы да шыққан. Бірақ, ол да із-түзсіз жоғалған еді.
Іздестіру жұмыстарына жергілікті құтқарушы жасақтар мен еріктілер тартылған. Тікұшақпен іздеу барысында түнде көлдің қарсы бетіне жүзіп өткен 65 жастағы атасы аман-есен табылды.
Таңертеңнен іздестіру жұмыстары жалғасты. 13 адам, 4 катер, екі единица техника және туыстары барлығы іздестіріп жатыр. Осы уақытқа дейін ақпарат жоқ. Жыл басынан бастап осы уақытқа дейін үш адам суға батты. Оның ішінде бір оқушы бар, - деді облыстық ТЖД басқарма басшысы Данияр Тілеуханов.