Юрий Шатунов жүрек талмасынан қайтыс болды (ВИДЕО)
Ресейлік әнші 48 жасында көз жұмды
«Ласковый май» тобының солисі, ресейлік әнші Юрий Шатунов 48 жасында қайтыс болды. Бұл туралы «Звезда» басылымына әншінің режиссері әрі продюсері Аркадий Кудряшов хабарлады. Кудряшовтың айтуынша, әнші жүрек талмасынан қайтыс болды.
Юрий Шатунов «Белые розы», «Седая ночь», «Лето», «Пусть будет ночь» композицияларының арқасында танымал болды. 1992 жылы Шатунов Алла Пугачевадан өзінің «Рождестволық кездесулеріне» қатысуға шақыру алды. Содан әнші келісіп, желтоқсан айының соңында ол алғаш рет «Звездная ночь» жаңа әнімен жеке әнші ретінде сахнаға шықты.
Еске сала кетсек, Мәскеу арбитраждық соты Шатуновтың «Ласковый Maй» тобының танымал әндерін айтуға құқық беру туралы арызын қанағаттандырды. Нәтижесінде сот «Honest Music» компаниясы әншіге топтың шығармаларын орындауға тыйым салған лицензиялық келісімді заңсыз деп таныды.