Halyq Uni логотип
×

Басқа елдерден 100 мың тонна қант сұрап жатырмыз – Премьер-министрдің орынбасары

Олардың арасында Бразилия, Үндістан мен Вьетнам бар

 Дастан Жұмабекұлы 23.06.2022 | 14:07
Басқа елдерден 100 мың тонна қант сұрап жатырмыз – Премьер-министрдің орынбасары
фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елімізде қанттың 350 мың тонна қоры бар екенін айтты.

Сондай-ақ, ол басқа еліміз мемлекеттерден 100 мың тонна қантты сатып алғысы келетінін атап өтті.

«Қазір елімізде қанттың 350 мың тонна қоры бар. Басқа елдерден қант сұрап жатырмыз. Дүниежүзінде қантты көп сататын елдер бар. Олардың ішінде Бразилия, Үндістан мен Вьетнамда қант өте көп. Бірақ, Үндістанда оның көлемі шектеулі. Сол себепті біз үнділермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама