Halyq Uni логотип
×

Шетелде қалып қойған қазақстандық туристер елге қашан оралады

Рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист оралады деп күтіліп отыр

 Халық үні 18.01.2022 | 13:00
Шетелде қалып қойған қазақстандық туристер елге қашан оралады
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан туризміндегі қазіргі ахуал жайлы белгілі болды. Дәлірек айтсақ, шетелде қалып қойған қазақстандық туристерді елге қайтару жағдайына байланысты мәлімет тарады.

6-17 қаңтар аралығында Қазақстанға 90-ға жуық тұрақты және 30 чартерлік авиарейс арқылы 7361 турист қайтарылды. 17 қаңтардағы рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист, оның ішінде Тайландтан – 192, Шри-Ланкадан – 25, Мальдивтен – 34 және Гоадан – 24 турист елге оралады деп күтіліп отыр. Осы жылғы 19 қаңтарға дейін барлық ұйымдастырылған турист Қазақстанға оралатынын хабарлаймыз, – деді Мәдениет және спорт министрлігі.

Шетелдегі барлық туристке рейстердің ауысатыны туралы хабарланды. Туроператорлар өздерінің есебінен, Қазақстан елшіліктерінің арқасында туристерді шетелдік қонақүйлерде орналастырды. Елге келетін туристерді тасымалдау және орналастыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Атқарылған іс-шаралар «Туристік Қамқор» КҚ күшімен, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асты.

Қазақстандық туристер жаппай тәртіпсіздік, төтенше жағдай режимі мен әуежайлар жұмысының тоқтауы салдарынан елге орала алмаған болатын.

2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты. Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Президент «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама