×

Өзімді репрессияға ұшырағандардың қатарына жатқыздым - елге оралған актердың сыры

Артымнан біреудің аңдып жүргені қалыпты нәрсе емес деп ойлаймын

 Еркеғали Болатұлы 23.06.2022 | 13:33
фото: ашық дереккөз

Актер Әнуар Нұрпейісов бір кездері елде болып жатқан оқиғаларға қатысты белсенді түрде пікір білдіріп жүрді. Ол 2019 жылғы президент сайлауы қарсаңында ақпараттық алаңнан жоғалып кетті. Кейін өзінің бостандығы мен өміріне қатер төнетіні ескертілгенін айтып, Шри-Ланкада қалуға шешім қабылдаған еді. Қазір елімізге қайта оралған актер Динара Сәтжанға берген сұхбатында өз өміріне қатысты біраз сырын айтты.

Зеленскийдің жеңіске жеткен алғашқы жылы. Ол бір сөзінде «Қандай да бір саяси репрессияға ұшыраған ТМД елдерінің құрбандары бізге көшсе болады, құшақ жая қарсы аламыз» деді. Мен өзімді сол репрессияға ұшырағандардың қатарына жатқыздым. Себебі екі дереккөз менің соңыма адам түскенін жеткізді. Артымнан біреудің аңдып жүргені қалыпты нәрсе емес деп ойлаймын, - деді Әнуар Нұрпейісов.

Сондай-ақ ол қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда оң өзгерістер болып жатқанын атап өтті. Бәрі бірден өзгеріп кетпесе де көш түзеліп келеді деген пікірде екен.

«Бәрі бірден болмайды. Бірақ кей өзгерістерге біздің халықтың бір бөлігі дайын емес. Біз бос қиялмен өмір сүреміз. Күндердің күнінде бір мейірімді ағай келіп, бір тұтқаны басып, бәрі өзгеріп кетеді деп ойлаймыз. Ондай ештеңе жоқ. Адам ағзасы да бірден өзгере салмайды. Сен қандай да бір әдеттеріңді өзгертесің, уақыт өте келе басқа адам болып шығасың. Сол сияқты. Бірақ қалпақты аспанға лақтыруға әлі ерте деп ойлаймын», - дейді актер.

Айтуынша, біз эйфорияға беріліп, «кереметпіз» деп босаңсып қалуымыз мүмкін. Сосын бұрынғы қателіктерді қайтадан қайталауға тура келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама