Ресейліктер еншілес компаниясын сатуға асығып жатыр
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі «Сбербанк Қазақстанды» сатып алу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.
Бұл мәліметті Ақпаратты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова растады.
Оның айтуынша, қазір «Сбербанк Ресей» ЖАҚ-тың еншілес ұйымы - «Сбербанк Қазақстанды» сатып алу талқыланып жатыр. Банкке Батыс елдері санкция салғандықтан, ол шетелдік валюталарда операция жасай алмайды. Шетелдік корреспондент-банктердегі шоттары жабылып, жаңа қаржыландыруды тарту мүмкіндігі шектеулі. Осыған байланысты «Сбербанк Ресей» өзінің еншілес ұйымын Қазақстанда сату туралы шешім қабылдады.
«Бәйтерек" ҰБХ-ның жалғыз акционері - Қазақстан үкіметі. Оның құрамына «Қазақстанның даму банкі», «Отбасы банк», «Даму» ӨДҚ, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы», «Kazakh Export», «Қазына Капитал Менеджмент», «Аграрлық несие корпорациясы», «ҚазАгроҚаржы» АҚ кіреді.