Halyq Uni логотип
×

Серік Қожаниязов қызметтен кетті

Ол Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болған

 Дастан Жұмабекұлы 23.06.2022 | 11:51
Серік Қожаниязов қызметтен кетті
фото: primeminister.kz

Үкіметтің қаулысымен Серік Салаватұлы Қожаниязов Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында туған. Кузбасс политехникалық институтын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған. Әр жылдары жеке меншік секторда жұмыс істеген.

2001-2005 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі болды.

2005-2007 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры болып қызмет етті.

2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болды.

2008-2014 жылдары Премьер-министрдің кеңсесінде лауазымды қызметте еңбек етті.

2014-2019 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі болды.

2019 жылдан 2021 жылғы қаңтарға дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы қаңтардан қазірге дейін Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама