Алаяқтық салдарынан бюджетке 1 млрд теңге қаржы түспеген
Шымкент қаласында жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан азамат ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыстық ісін жүзеге асыру үшін 6 компания құрылды. Олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асты. Соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы түспеген, – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары аяқталды. Іс сотқа жіберілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында полицей 571 млн теңгеге шот-фактура жазып бергенін жаздық.