×

3 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген Шымкент тұрғыны ұсталды

Алаяқтық салдарынан бюджетке 1 млрд теңге қаржы түспеген

 Динара Амантай 23.06.2022 | 11:19
Коллаж: Halyq Uni

Шымкент қаласында жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан азамат ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық ісін жүзеге асыру үшін 6 компания құрылды. Олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асты. Соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы түспеген, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары аяқталды. Іс сотқа жіберілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында полицей 571 млн теңгеге шот-фактура жазып бергенін жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама