×

30-ға жуық ауылы жабылған қостанайлықтар 1 елді мекенді сақтап қалмақ

Бәрі де құрып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 23.06.2022 | 11:12
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында соңғы жылдары 30-ға жуық ауыл жойылған. Биыл тағы бірнеше елді мекенге қауіп төніп тұр.

Келешегі бұлыңғыр өлкенің бірі – Қарабалық ауданына қарасты Жаңаауыл елді мекені. Оншақты үй қалған шалғайдағы ауылға былтыр батыс өңірінен бірнеше отбасы көшіп келген. Олар қазір тозған ауылды түлетуге атсалысып жатыр.

«Қазір 150 бас қойым бар. Бұйырса, болашақта 800 басқа дейін жеткіземіз. Ірі қараның пайдасы шамалы. Қазір сүтті 120-130 теңгеге қабылдайды. Ауылдарда ең бірінші мәселе – сол сүттің бағасы. Оны 160-180 тенгеге дейін көтеру керек. Сонда тиімді болады», - дейді батыстан солтүстікке қоныс аударған Алтынбек Есполов атты шаруа.

Байырғы тұрғындар оларды құшағын айқара ашып қарсы алған. Елге ел қосылып, құт қонып, туған өлке қайта түлесе деген үміт пайда болды деседі жергілікті жұрт.

Баяғыда дүркіреп тұрған ауыл еді ғой. Бәрі де құрып жатыр. Жұрт бытырап-бытырап кетті, жұмыс болмағасын, - дейді ауыл тұрғыны Ғалия Апенова.

Халық құрдымға кеткен ауылды құтқарып қалу үшін төскейге түлік өргізіп, әлеуметтік жағдайды жақсартқысы келеді. Тек билік жайылым мен шабындықты кеңейтіп берсе екен деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама