×

Қазақстанның көзқарасын құрметтейміз – Ресей СІМ

Ресми өкіл Тоқаевтың сөзіне қатысты пікірін айтты

 Динара Амантай 23.06.2022 | 10:09
Фото: ptrk.kz

Ресей Сыртқы істер министрлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың ДХР мен ЛХР-ды мойындаудан бас тарту туралы сөзіне түсініктеме берді.

 Ресей Қазақстанның өзекті халықаралық мәселелерге, соның ішінде Украинадағы қақтығысқа қатысты көзқарасын құрметтейді және оған қысым көрсетпейді, –  деді ведомствоның ресми өкілі Мария Захарова.

Оның айтуынша, сөз жүзінде демократия мен плюрализмге деген адалдығына қарамастан, басқа пікірге жол бермейтін батыстық режимдерден Ресейдің айырмашылығы – ол өз серіктестерін құрметтейді.  

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургтегі Халықаралық экономикалық форумда Луганск пен Донецкке қатысты өз пікірімен бөліскен еді. Онда президент ДХР мен ЛХР-ді мойындамайтынын ашық айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама