Қытай Ресейге автокөліктерін бермей қойды
РФ-да 20 зауыттың екеуі ғана жұмыс істеп тұр
Қытайдың автоконцерндері Ресейге автомобильдер беруге құштар болып отырған жоқ.
Бұл туралы «Коммерсантъ» газеті жазды.
Батыс елдерінің машина өнеркәсібі санкциялар салдарынан Ресейге көліктерін бермей қойды. Енді Қытай Халық Республикасы да Ресейге автокөліктерді беруді азайтуды жоспарлап отыр.
Қытай сәуір айынан бері логистиканың қиындығы мен сұраныстың азаюынан жеңіл автомобильдер мен босалқы бөлшектер импортын азайтып келеді.
Қытай кеденінің статистикасына сәйкес, ҚХР наурыз айында Ресейге 190,7 млн доллардың жеңіл автоларын жеткізсе, мамыр айында ол бар-жоғы 32 млн ғана болған.
Украинадағы соғыс салдарынан Ресейдегі 20 автозауыттың көпшілігі жұмысын тоқтатқан. Қазір елде тек 2 зауыт қана жұмыс істеп тұр.