×

Петропавлдық коммуналдық кәсіпорын СҚО кәсіпкерлеріне 500 млн теңге қарыз

Прокуратура кәсіпорын басшысының шотта бар сомадан артық келісімшарттарды қалай жасағандығын анықтайды

 Қанат Атаманов 23.06.2022 | 00:30
Фото: inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында «Коммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорына қатысты іс қозғалды. Мекеменің берешегі жарты миллиард теңгеге жеткен.

Сәуір айында бұл мәселе Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновпен кездесуде талқыланды. Мәселе Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысына шығарылғанымен, іс орнынан қозғалар емес. Талқылау барысында анықталғандай, мәселе жақын арада шешілмейтін түрі бар.

Өткен жылы қар шығару, көгалдандыру, бейнебақылау камераларын орнату, мерекелерді безендіру сияқты қаланы абаттандыру жұмыстарын жүргізумен айналысқан бірнеше ұйым Кәсіпкерлер палатасына жүгініп, жүргізілген жұмыстар үшін төлем алмағанына шағымданған. Олардың барлығы «Коммунхоз» МКК қосалқы мердігерлері болып табылады.

Жағдай мынадай – 27 ұйым 1,5 млрд теңгенің жұмысын орындады. 600 млн теңге көлемінде төлем алынды. Өйткені қалалық ТКШ бөлімі бұл сомаға «Коммунхозбен» келісімшарт жасасты, - деп түсіндірді кеңес төрайымы Инесса Қуанова.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Жанболат Батырбеков мемлекеттік органның «Коммунхоз» алдында ешқандай қарызы жоқ екенін атап өтті. Шарт бойынша барлық сома төленген.

«Біз атқарылған жұмыс актілеріне сәйкес төлем жүргіздік. Біз бәрін төлейміз деп келіскен жоқпыз. Өйткені қосымша келісімшарттар жасалмаған. Мен бұл мәселені шешетініміз деп айта алмаймын. «Коммунхоздың» төлем жасау мүмкіндігі жоқ, - деді шенеунік.

Заңгер Олег Хрупин шенеуніктен, егер қаражат үш есе көп қажет болса, абаттандыру қызметтеріне ақы төлеу қалай жүргізілгенін сұрады.

«Сіз тапсырыс берушісіз. Жолдарды күтіп ұстау міндеті – «Коммунхозда» емес, жергілікті атқарушы органда. Енді тек бас мердігердің кінәлі болып қалатыны қалай?», - деді заңгер.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Инесса Қуанова кәсіпкерлерде ақшаны алудың бір нақты жолы ғана бар екенін атап өтті. Ол – сотқа жүгіну. «Коммунхоз» МКК банкрот деп танылған жағдайда, қаржыны алуға мүмкіндік болады. Алайда, бұл рәсім ұзақ және қарыз өтелетін нақты мерзімдер жоқ.

«Кәсіпкерлер палатасына өтініштер бар. Біз бұл арыздарды Петропавл қаласының прокуратурасына жолдаймыз. Аталмыш кәсіпорында қатаң аудит жүргізу керек. Менің ойымша, прокуратура кәсіпорын басшысының шотта бар сомадан артық келісімшарттарды қалай жасағандығын анықтайды деп ойлаймын», - деді жиынды қорытындылаған Инесса Қуанова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама