×

Ақтөбеде адамдар отырған аттракцион өртенді (ВИДЕО)

Келушілердің ешқайсысы зардап шекпеген

 Қанат Атаманов 22.06.2022 | 21:00
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі аттракцион түтіндеп, өрт шыққаны түсірілген видео тарады.

Бұл видео бірнеше күн бұрын Пушкин атындағы қалалық саябақта түсірілген. Қыздар «Түймедақ» аттракционына отырған. Олар аттракционның бір бөлігі түтіндеп жатқанын байқап, видеоға түсіріп алған.

Түтіндеп жатыр, бір жағында біз отырмыз. Міне, жағдай осындай. (...) 500 теңге бересің, оған қоса жанасың. Болып тұрады, «Түймедақ» шаршаған шығар, - делінген видеода.

Кадрлардан өрт шыққан кезде аттракциондағы адамдардың ешқайсы дүрбелең туғызбағаны, кейін әткеншек тоқтағанын көруге болады. Келушілердің ешқайсысы зардап шекпеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Мақсатымыз – эмоционалдық қолдау»: Кез келген адам балалар үйінде тәлімгер бола алады

Қазақстанда 4 мыңнан астам бала жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр
01.12.2022 | 16:06

Иранда ереуілшілер өз футболшыларының жеңіліп қалғанын тойлады

Халық билікке қарсылығын осылайша білдіріп отыр
01.12.2022 | 15:58

Жамаубаев қазақстандық делегацияны бастап Жапонияға барды

Онда елімізге инвестиция тарту мәселесі талқыланады
01.12.2022 | 15:52

Павлодар облысының әкімдігі Екібастұздағы жарылысқа жеке ПИК-терді кінәлап отыр

Олар жөндеу бригадаларын күтпестен, өз беттерінше әрекет жасаған көрінеді
01.12.2022 | 15:31