Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады
Атбасарда өзен жағасынан қыздың бөлшектелген денесі табылды. Ақмолалық полицейлер күдіктіні ұстады.
Жантүршігерлік оқиға туралы әлеуметтік желілерден белгілі болған. Ресми емес ақпарат бойынша, ер адам өзімен бірге тұрған әйелді өлтіріп, қылмысты жасыру үшін денесін бөлшектеп, оны Жабай өзеніне лақтырған. Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
21 маусымда Атбасар ауданындағы Жабай өзенінің бөгетінен адам денесінің бөліктері табылды. Полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 99-бабының бірінші бөлігі («кісі өлтіру фактісі») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады ведомство.
Тәулік ішінде қыздың жеке басы анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері тергеу мүддесінде сай жария етуге жатпайды», - деді полиция қызметкерлері.