×

Болат Назарбаевтың зайыбы ұйымдастырған тойдан кейін 1 адам қаза тапты

Дегенмен дүбірлі тойда Құрманғалиеваның өзі жоқ екені хабарланды

 Еркеғали Болатұлы 22.06.2022 | 17:07
фото: дереккөз

Алматы облысында Болат Назарбаевтың бұрынғы жұбайларының бірі Майра Құрманғалиева ұйымдастырған ат жарысы қайғылы аяқталды. Бұл туралы Orda.kz сайты хабарлады.

Атап айтқанда, өткен сенбіде Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қақпақ ауылының ипподромында Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның анасының 90 жылдығына орай ат жарысы өткен. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200-ден аса шабандоз қатысты. Жүлде қоры қомақты – бәйгенің бірнеше түрінен бірінші орын алған шабандоздарға автокөліктер уәде етілген.

Дегенмен дүбірлі тойда Құрманғалиеваның өзі жоқ екені хабарланды. Ал бүгін тойдан қайтып келе жатқан бір адамның қаза тапқаны белгілі болып отыр.

Райымбек ауданы әкімдігінің хабарлауынша, ерлі-зайыптылар «Шұбартал» жайлауынан қайтып келе жатқанда суға батып кеткен. Олар Құтырған өзенін өткелсіз жерден атпен кесіп өтпек болыпты. Ер адам шыға алғанымен, 48 жастағы Құралай Байғоңызқызын қатты ағыс алып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама